Главное

Ауызашар кезінде арабша дұға ету міндет емес — Нұрлан имам (ВИДЕО)

Ауыз ашу кезінде дұғаны міндетті түрде араб тілінде жасау қажет пе? Бұл сұраққа Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы, көпшілікке танылған Нұрлан Байжігітұлы Instagram парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ауыз бекітіп, ашқанда неге дұға оқимыз? Біріншіден, осыны түсініп алайық. Пайғамбарымыздың хадисінде ауыз ашқан кезде бір дұға қабыл болады деп айтылған. Осы сәтті пайдаланып, жақындарымызға, елімізге, отбасымызға шын жүректен дұға етуіміз керек. Өйткені миллиондаған адамның дұғасы қабыл болса, жақсылықтың еселенетіні сөзсіз. Ал дұғаны тек араб тілінде жасау міндетті емес. Қазақ тілі – мағыналы, шұрайлы тіл. Сондықтан дұғаңызды ана тілімізде жасай беріңіздер. Қазақша айта беріңіздер.  Ауыз бекіткенде ниетті жүректен жасау жеткілікті, ал оны дауыстап айту – сауап», – деп түсіндірді имам.

Имамның бұл жауабы көпшіліктің көңілінен шығып, әлеуметтік желі қолданушылары ризашылықтарын білдірген.

«Мен қазақша оқимын, қазақша тілеймін. Дұрыс айтасыз, қаным қазақ, ата бабамды қазақ қылып жаратып тұрып Құдай арабша неге оқымадың демейді ғой. Құдайға тіл маңызды емес, жүрекпен жеткізу маңызды деп ойлаймын», — деп жазған көпшілік.

Другие новости

Back to top button