«Ауыр әрі қатігез іс»: Қарағандыда бір баланың туысы дәрігерлердің басын жарып, мұрнын сындырған

Денсаулық сақтау министрі Аөмарал Әлназарова Қарағанды қаласына барып, өткен аптада бір адамнан таяқ жеген екі дәрігерлерге барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыр әрі қатігез шабуыл
Ақмарал Әлназарованың айтуынша, дәрігерлер едәуір жарақат алып, ауруханаға түскен.
«Қарағанды қалалық балалар ауруханасының екі дәрігерін арнайы барып көрдім. Оларға кеше пациенттің туысы тарапынан ауыр әрі қатыгез шабуыл жасалған еді», — деп жазды Ақмарал Әлназарова өз парақшасына.
Дереккөзге сүйенсек, дәрігерлердің миы шайқалып, мұрын сүйегі сынған, денелері көгеріп, гематома болған. Қазір дәрігерлер облыстық аурухананың шұғыл нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр.
Министр бұл әрекетті зорлық-зомбылыққа теңеді
Ақмарал Әлназарова дәрігерлерге шабуыл жасаған адамның әрекетін жай бұзақылық қана емес, «өз өмірін өзгенің өмірін құтқаруға арнаған жандарға қарсы жасалған сорақы зорлық-зомбылық әрекеті» деп бағалады.
Оқиға қашан болған еді
Оқиға 12 маусым күні облыстық балалар ауруханасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша 38 жастағы облыс тұрғыны екі дәрігермен ерегесіп қалып, оларды ұрып-соққан.
«Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жазылған хабарламада.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.