Выбор редакцииСпорт
AuylSport-ың телеарналармен ынтымақтастығы

Өткен аптаның жұма күні әріптестеріммен бірге Qazaqstan, Qazsport және Balapan телеарналарының басшылығымен кездесу өткіздік.
Кездесу барысында AuylSport жобасының негізгі мақсат-міндеттері, ауылдық жерлердегі спортты қолдауға бағытталған бастамалар және алдағы уақыттағы ақпараттық серіктестік мүмкіндіктері талқыладық. Телеарна өкілдері AuylSport жобасының маңыздылығын атап өтіп, ауыл жастарының спорт арқылы кешенді дамуына үлес қосуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Бұл ынтымақтастық ауыл спортын дамытуға жаңа серпін береді деп сенеміз.
Бұл туралы Халық қайырымдылық қорының Атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов Фэйсбук парақшасында баяндады.