#АУЫЛФУТБОЛ ЖОБАСЫ ТРЕНЕРЛЕР МЕКТЕБІН АШТЫ
"БАПКЕР ОЙЫНДЫ ӨЗГЕРТЕДІ. АУЫЛФУТБОЛ - ӨМІРДІ ӨЗГЕРТЕДІ"

#АуылФутбол жобасының #АуылФутболCoach тренерлер мектебі өз жұмысын бастады, деп хабарлады «Арман ауыл» қоры. Осы жобамыздың бас демеушісі «Халық» қайырымдылық қоры.
#АуылФутболCoach мектебінің басты мақсаты – ауыл жаттықтырушыларын оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға арналған білім беру, заманауи және сауатты жетекшілер мен тәлімгерлерді дайындау арқылы тренер даярлаудың тұрақты жүйесін құру.
#АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетовтың айтуынша, оқу бағдарламасы заманауи әрі технологиялық жағынан озық болуымен қатар ауыл менталитетіне барынша жақын болуы керек.
Жаттықтырушы мектебінің бағдарламалары онлайн және офлайн форматында өтеді. Басты тақырыптар – балалар футболының негізгі әдістемесі әрқашан өзекті болып қала бермек, балалардың жас психологиясы мен мотивациясы, жаттығу процесін жоспарлау, заманауи әдістер – отандық және шетелдік клубтардың тәжірибесі, әрине, қауіпсіздік техникасы, алғашқы медициналық көмек, спорттық этика, сонымен қатар топтағы көшбасшылық және ата-аналармен жұмыс, клубтағы маркетинг және коммуникация және клубты басқару.
Серік Мәмбетовтың айтуынша, алдағы уақытта оқытудың бірнеше деңгейі болуы мүмкін, мысалы, негізгі, сертификатталған жаттықтырушы және тәлімгер.
«Бұл жұмыс назарымызда болады және қажеттілікке қарай шешім қабылдаймыз. Әрине, сертификаттар мен дипломдардың болуы жақсы, бірақ нақты жұмыс пен нақты нәтиже маңыздырақ», — дейді ол.

«Әрине, біз айтып отырған жаттықтырушылар мектебін бір күнде, тіпті бір жылда құра алатынымыз қиындау, бірақ ең бастысы, біз бұл бағытта үлкен қадам жасап жатырмыз. Біз ауыл жастары футболының алдында тұрған негізгі мәселелердің бірін анықтадық: кең ауқымды тақырыптар бойынша ең болмағанда қарапайым білімі бар білікті бапкерлердің тапшылығы. Осы жұмысты іске асыру үшін біз өзіміздің ішкі ресурстарымызды пайдаланып (жобамызда тәжірбелі нәтиже көрсетіп жатқан мамандар бар), оның үстіне отандық кәсіби клубтармен (Қайрат, Джейран) және шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер кім де кім осы тренерлер мектебіне көмек берем деп жатса олардың ұсыныстарын қарастыруға дайынбыз. Іс жүзінде мамандардың кез келген ұсынысы біздің бағдарламада өз орнын таба алатынына сенімдімін», — деді С.Мәмбетов.
«Арасын созбай біз өз жұмысымызды жүйелеп, сонымен бірге серпінді және заманауи үрдістерге сай жүйені дамыта аламыз деп үміттенеміз. «Халық» қайырымдылық қорына коучинг мектебін дамытудың ең басында бізге көмек көрсетуге мүмкіндік тапқаны үшін алғыс айтамыз», — деп түйіндеді сөзін С.Мәмбетов.
Естеріңізге сала кетсек, «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен #Ауылфутбол жобасы бойынша жаттықтырушы оқыту екі жыл бұрын басталған болатын. Қордың толық қаржылық қолдауымен және Алматы футбол федерациясының мамандарының қатысуымен 100 жаттықтырушы оқудан өтіп, УЕФА D санатындағы жаттықтырушы сертификаттарын алды.
Жұмыс барысында маркетинг, PR, SMM және менеджмент мамандарының қатысуымен ондаған онлайн және офлайн семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізілді.



