Социум
Ауғанстандық шенеунік әйелдерге білім алуға тыйым салуды айыптады
Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Шер Аббас Станикзай үкіметті әйелдер мен қыздарға білім алуға салынған тыйымды жоюға шақырды. Ол бұл шешімге ешқандай негіз жоқ деп санайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz CBS басылымына сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
CBS мәліметінше, шенеунік діни мектепте өткен рәсімде жиналғандарға әйелдер мен қыздарға білім алуға тыйым салудың еш себебі жоқ екенін айтты.
Үкімет әйелдерге алтыншы сыныптан кейін білім алуға тыйым салған. Өткен жылдың қыркүйек айында биліктің әйелдерге арналған медициналық білім беру мен курстарды тоқтатқаны туралы хабарлар тарады.
Ауғанстанда әйелдер мен қыздарды тек әйел дәрігерлер мен медицина қызметкерлері ғана емдей алады. Соған қарамастан, билік әлі күнге дейін медициналық білімге тыйым салу туралы ресми шешім қабылдағанын растамады.