Нур-Султан

Ауа райына байланысты Астана мен бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды

Бұл туралы өңірлік білім бөлімдері хабарлады

Бүгін Қазақстанның солтүстік және шығыс аумақтарында орналасқан қалаларда бірінші ауысымының оқушылары қатты аязға байланысты қашықтан оқыту форматына көшіріледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атап айтқанда, Астанада бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқытуға көшірілді.

«Ауа райының нашарлауына байланысты 12 желтоқсанда 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждің 1-курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшуде», — делінген қалалық білім бөлімі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Павлодар облыстық білім басқармасы Instagram желісінде хабарлағандай, 12 желтоқсанда қала мектептерінде бірінші ауысымдағы мектепалды даярлық, 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді. Өңірде бүгінгі ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеп, жел 5-10 м/с жетеді.

Екібастұзда да ауа райы қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан жүргізіледі. Бұл туралы Екібастұз білім бөлімі хабарлады.

«Ауа температурасы -32-33 градусты көрсетіп тұр. Қостанай қаласындағы 0-11 сыныптың 1-ші ауысым оқушылары онлайн оқыту форматына көшеді», — деп хабарлайды Қостанай білім басқармасы.

Сонымен қатар Көкшетауда да ең төменгі температурасы тіркелді.

«Ауа райының -36

градусқа төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», — деп хабарлады Көкшетау қалалық білім бөлімі.

Өскемен қалалық білім бөлімінің мәліметінше, ауа температурасының -23 градусқа дейін төмендеуіне және жел жылдамдығы 3 м/с болуына байланысты 1 ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан жүргізіледі.

Другие новости

Back to top button