Атырауская область

Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаевқа үкім шықты

Атырау қаласының соты өкілетін асыра пайдаланып, қызметте алаяқтық жасады деп айыпталған әкімдіктің бұрынғы қызметкерлерінің ісін қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ НЕНІ АНЫҚТАДЫ   

Қаланың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев өз қарамағындағыларға, бөлім басшыларына К.Н және К. Е-ге рекреациялық аймақта 8 жер учаскесін беруді тапсырген. Олар заңды бұзып, рекреациялық және санитарлық аймақтарда 18 учаскені беріп жіберген. Ол үшін К.Н комиссияның құжаттарын қолдан жасап, онда жоқ өтініштерді қосқан.

– У.К, К.Е және И.Ж-ға ағылған айыптаулар нақтыланбайды. Қандай құжаттарға (жер учаскесін таңдау актілері, жер комиссиясының хаттамалары және т.б.) жалған мәліметтер немесе түзетулер енгізілгені де жазылмаған. Аталған сотталушылардың құжаттарға жалған мәліметтер енгізу фактілері анықталған жоқ, — деп атап өтті сотта.

СОТ ШЕШІМІ   

Қайрат Оразбаев пен К.Е. лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-әкімге 3 жыл бас бостандығын шектеу, К.Е-ге 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үшінші сотталушының 6 жылға бас бостандығын шектелді.

Үшеуі де өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылған.

И. Ж қылмыс құрамының болмауына байланысты толығымен ақталған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Другие новости

Back to top button