Атырауская область

Атырауда үш мектептің бухгалтерлері 80 млн теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырған

Атырау қаласында үш мектептің бухгалтерлері 80 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.

Атырау қаласы прокуратурасының қызметкерлері жүргізген тексеру барысында бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды. Үш оқу орнының – №36 мектеп-гимназиясының, и.Тайманов атындағы №27 мектептің және Б. Нысанбаев атындағы мектептің бухгалтерлері 2022-2024 жылдар аралығында барлығы 81,3 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша тергеу жүргізді.

Атырау қаласының прокуроры Руслан Әйтімовтің айтуынша, сотталушылар өз кінәсін толық мойындады. Сот оларды бес жылға кейінге қалдыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ 3 жылға бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салуға үкім шығарды.

Бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағым жасалмады.

Сонымен қатар, бүгінде бюджетке 7,1 млн теңге қайтарылды.

Другие новости

Back to top button