Атырауская область

Атырауда су тасқынына қарсы 300 метрге жуық бөгет салынды

Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, жұмыс жалғасып жатыр.

Таңертеңнен Құлсары қаласында 8 989 м3 еріген су сорылды. Жайық өзенінің деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

ТЖМ күштерімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Жағдай бақылауда.

Другие новости

Back to top button