Атырауда қыздардың мазасын алған донер жеткізушінің әрекеті тексерілуде
Атырау облысының қыз-келіншектері жергілікті донер жеткізуші жігіттің үсітінен шағымданған. Полиция арызды тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Атырау обылысында донер жеткізумен айналысатын жігіт жергілікті қыз-келіншектер мен кәмелетке толмаған қыздарға тиісіп, интимді сипаттағы фотолар мен хаттар жібергенін abdulla_kzkz парақшасы жазады. Ол ватсап желісі арқылы тапсырыс берген қыздардың фотосын сақтап, оларға ұятсыз хаттар жазуды әдетке айналдырған.
Атыраудың белсендісі полицияға шағымданып, оны жазалауды талап еткен. Парақшада полиция қызметкерлеріне арыз түсірген әйелдің видеосы да жарияланды. Тамақ жеткізуші бір 14 жастағы қызға жазып, басы бәлеге қалған. Оның мұндай әрекеттері барын Атыраудың басқа да тұрғындары жазған. Олар донер жеткізетін жігіттің оғаш әрекеттері барын желідегі суретін көргеннен кейін растаған.
Екі күннен бері мәселе көтеріп жатырмыз. Ол жігіт бірнеше қызға жазған. Интимді әңгіме жазған. Оның ішінде кәмелетке толмаған қыз да бар. Оөушы қыздаг үйден шығуын сұраған. Кездескісі келген. Телеграмына да жазған. Ол қыз қорқып қалған. Кеше бәрін әлеуметтік желіге шығарып көрсеттік. Сонда маған бірнеше адам жазды. Олар арыз жазуға қорқып отырмыз деді, – дейді оқиға жайлы видео түсірген
Бұл сөзіне дәлел ретінде парақшада арызданған адамдардың хатының скриншотын жариялады.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Атырау қаласының полиция басқармасы кәмелетке толмаған азаматтарға қатысты әдепсіз сөздерді жазып, оларды мазалау фактілері бойынша арызды тіркеген. 25 жастағы күдікті ұсталып, кешенді тексеру жұмыстары қолға алынған.
ТАМАҚ ЖЕТКІЗУШІЛЕРГЕ ТАЛАП КҮШЕЙТІЛЕДІ
Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті бұған дейін қоғамдық тамақтану қызметін көрсететін азаматтарға талапты күшейтетін құжатты бекіткен еді.
Құжат 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген. Стандартты сауда комитетінің бастамасы бойынша Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген. Енді стандартқа сәйкес курьерлерде медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапша болуға тиіс. Олар кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуге, сондай-ақ жалпы қабылданған нормалар мен мінез-құлық ережелерін басшылыққа алуға тиіс.