Атырауская область

Атырауда оқушы қызды зорлады деп айыпталған жігіт сотта ақталып шықты

Оған 13 жастағы қызды зорлады деген айып тағылған болатын

Атырауда прокурор 18 жастағы жасөспірімді 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 18 жастағы жас жігітке қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған 13 жастағы қызды зорлады деген айып тағылды.

Іс материалдарынан 2021 жылдың тамыз айында 13 жастағы мектеп оқушысы сотталушымен әлеуметтік желіде танысып, онымен хат алмасқаны белгілі болды. Алайда жігітпен танысқанда қыз «18 жастамын» деп өтірік айтқан. Оның үстіне, ол әлеуметтік желіде 2003 жылы туған қолданушы ретінде аккаунт ашқан.

«2021 жылдың тамыз айында олар алдын ала келіскен пәтерде кездесіп, өзара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. Жәбірленуші кездесудің мақсатын алдын ала біліп, өзімен бірге контрацептивтер мен түнгі көйлек ала келген.

Істі қарау барысында жәбірленушіде дене жарақаты болмағаны да анықталды», — деп хабарлады қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Тараптардың сөз алмасуы кезінде прокурор соттан оны кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сотта қыз жас жігітпен өз еркімен интимдік қатынасқа түскенін алға тартты. Қыздың анасы қызының сөзін қолдап, істі тоқтатуды және жас жігітті ақтауды сұраған. Сотталушының өзі қыздың нақты жасын білмейтінін айтты.

Осылайша, сот жас жігітті ақтау туралы шешім шығарды. Сондай-ақ Атырау облысы прокуратурасының сотталушыны бір жылдан астам заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартуына қатысты жеке қаулы шығарған.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Другие новости

Back to top button