Атырауская область

Атырауда кісі өлімімен аяқталған жанжалдың куәгерлері дауға не себеп болғанын айтты

11 маусым күні әлеуметтік желіде екі адамның жанжалдасып жатқан видеосы тарады. Екеуара дау бірінің өлімімен аяқталды. 56 жастағы ер адамды ұрып өлтірген күдікті 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жәбірленуші абайсызда көлігімен бөтен адамның автокөлігін соғып кеткен. Ашуға мінген жүргізуші сөзге келместен ер адамды соққыға жыққан. Ауыр жарақат алған жәбірленуші ауруханада қайтыс болды. Марқұмның артында төрт баласы мен бес немересі қалды.

“Амандық аға сыйлы адам еді. Тірі жанды ренжітпейтін, сабырлы, мейірімді адам болатын. Кісі қолынан қаза тапты дегенге сенгім келмейді. Бұл – орны толмас қаза”, – дейді марқұмның туысы Ләззат Тастаева.

Оқиға болған жерге бірінші болып жәбірленушінің қызы жеткен. Ол әкесін жедел жәрдем көлігіне жатқызуға көмектескен. Сол сәтте күдіктінің айғайға басып, балағаттап жатқанын естіген.

“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Атырауде екі ер адамның жанжалдасқан видеосы тарап еді. Дау-дамайдың соңы адам өлімімен аяқталды.

Другие новости

Back to top button