Атырауская область

Атырауда «жоқ» балаларға бюджеттен қаржы алып келген спорт үйірмелері анықталды

Кәсіпкерлер үйірмеге қатыспайтын 44 баланы тізімге енгізіп, қазынаның 400 мың теңгесін заңсыз иемденген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана телеарнасы тілшілері таратқан ақпаратқа сүйенсек, қаладағы саз мектептері де жалақыларын көтеру мақсатында ақылы үйірменің бағасын заңсыз өсіріп жіберген.

Айласын асырмақ болған кәсіпкерлер прокурорлық талдау барысында анықталды.

Атырау қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Ерлан Кәкиевтің айтуынша, тексеру кезінде ата-аналардың айғақтары бойынша балалардың мүлдем спорт үйірмелеріне бармағаны дәлелденді.

Бұл бойынша қадағалау акт енгізілді. Мемлекетке келтірілген залал толықтай өндірілді. Саз мектерінің бағасы 10 пайызға төмендетілді, – деді прокурор.

Қадағалау органы бұған қоса 2700 баланың құқығы қорғалғанын мәлім етті.

Другие новости

Back to top button