Атырауская областьВыбор редакции

Атырауда жасөспірім қызды көлікте зорламақ болған ер адам ұсталды

Атырауда 13 жастағы жасөспірімді зорламақ болған ер адам оқиға орнында ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Жантүршігерлік оқиға Авангард ықшамауданында болған. Полиция қызметкерлері ер адамды өз көлігінде қолға түсірді.

«Авангард ықшамауданында ер адам Renault Duster-ді заңсыз айдап әкетіп, көпқабатты үйлердің ауласына жасырынып, көлік ішіндегі 13 жастағы жасөспірімді зорлауға оқталған. Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде ол қылмысқа оқталу кезінде ұсталды», — деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабының 4-бөлігімен, яғни жасөспірімді зорлауға оқталу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Өзге ақпаратты ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайды.

 

Другие новости

Back to top button