Атырауская область

Атырауда бес күн бұрын жоғалған қыз көпірден секіріп кеткен

Әсемай Қазбекова 6 сәуірде із-түзсіз жоғалып кеткен болатын

Атырауда бес күннен бері іздестіріліп жатқан жасөспірім Әсемай Қазбекованың суицид жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

6 сәуірде із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірімнің көпірден секіріп кеткені анықталды. Бұл туралы волонтер Сандуғаш Кукенова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Әсемай жоғалған кезде барлығымыз шақ ұрып, құзырлы органдарға соқтық, арыз тасталып, жергілікті басқарушы орган мамандары жұмылдырылып, депутаттар, кинологтар келді, ТЖ мамандары мен еріктілер жан-жақты іздеу жұмыстарын жүргізді. Соңғы бейнежазбада Әсемайдың көпірге көтеріліп бара жатқаны көрінеді. Сол жағадағы бір үйдің камерасын қарауға үмітіміз болған еді. Алайда иесі екі-үш күн үйінде болмаған еді. Ол аңшылықтан оралған кезде камераны қараудың сәті түсті. Әсемайдың әкесі сол үйдің камерасын қарауға кіріп-шыққан. Камерадан қарағанда оның көпірден секіріп кеткені белгілі болды», — деп жазды қоғам белсендісі.

Айта кетсек, бірнеше күн бұрын үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, сол күйі оралмаған 16 жастағы Әсемай Қазбекованың іздеу жұмыстарына ТЖД өкілдерімен бірге, еріктілер, әкімдік, полиция қызметкерлері тіпті облыстық мәслихат депутаттары да атсалысқан болатын.

Другие новости

Back to top button