Атырауская область

Атырауда белгісіз ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)

Полицейлер бұзақыны ұстады, тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Atpress.kz сайтының жазуынша, оқиға 5 наурызда түс ауа No22 қоғамдық көлікте болған. Белгісіз ер адам жол ақысын төлеуді талап еткен жүргізушіге жұдырықпен шабуыл жасаған.

«Smart Atyrau» мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Ароновтың айтуынша, төбелестің салдарынан ер адам бетінен жарақат алған.

Жүргізушінің беті, жақ сүйегі және бір көзі ісіп кетті. Бұзақы қашып кеткенімен, полиция оны ұстады. Шабуылдың себебі қарапайым, жүргізуші жол ақысын төлеуді талап етті және ол ренжіді. Өкінішке қарай, тұрғындардың жартысы жол ақысын төлемейді. Сонымен қатар ол валидаторды сындырды. Енді оны қалпына келтіруім керек, – дейді Арслан Аронов.

Другие новости

Back to top button