Атырауская область

Атырауда атышулы “Ұлттық қыздар мектебі” сот шешімімен жабылды

Біз осыған дейін Атыраудағы «Ұлттық қыздар мектебі» оны жабу жөніндегі сот шешіміне қарамастан әлі жұмыс жасап тұрғанын жазған едік. Жуырда облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Таишев Stan.kzтілшісіне мектептің толықтай жабылғанын мәлім етті.

 

«Біз өз кезегімізде талай тексеріс жұмыстарын жүргіздік. Сот арқылы екі рет айыппұл да салынды. Біліктілік талаптарына сай келмейтін мектепке лицензия берілмеді. Ақыры, заңға бағынбаған кәсіпкерді сотқа бердік. Сөйтіп, сот шешімімен мектеп жабылып отыр», – дейді ол.

Еске сала кетсек, былтыр аталған білім беру мекемесінде жүзден астам оқушы қыздар діни салафиттік бағытта тәрбиеленіп жатқаны жөнінде дау туындаған еді. Бұған қатысты бейнежазбалар желіде көптеп жарияланған болатын. Ата-аналардың кейбірі қыздардың мектепке хиджабпен келетінін айтып дабыл қақты. Ал, мектеп басшылығы мұны жоққа шығарып, оқушылардың ұлттық киім киетіндерін айтқан еді. Осылайша, алты айда рұқсат алып болуы тиіс мектеп бір жыл бойы білім беріп шыққан.

Другие новости

Back to top button