Атырауская область

Атырауда алты бала бірінен кейін бірі өлген

Шілде айында Атырау облысы бойынша 6 бала әртүрлі оқыс оқиға кезінде қаза тапқан. Аймақтың прокуратурасы әртүрлі саладағы қызметкерлердің салақтығынан болған осы өлім-жітімді тексеріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«4 шілдеде Жеңіс саябағында қыз баланың үстіне дұрыс бекімеген ескерткіш құлап кетті.  Бір аптадан кейін, 10 шілдеде балабақшада бір бала септикке құлап, төрт күннен кейін қаза болды. 14 шілдеде қаланың орталық бассейнінде қыз бала суға батып кетті, ал 26 шілдеде фонтанда тағы бір қыз бала сорғының (насос) салдарынан көз жұмды. 27 шілдеде Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында жасөспірім мотоциклмен түйеге соқтығысып, алған жарақаттарынан жан тапсырды. Ертеңінде көпқабатты үйлердің бірінен 15 жасар оқушы терезеден секіріп, өз-өзіне қол жұмсады», — деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Қорқынышты статистикаға байланысты облыстың прокуратурасы әрбір істі бақылауға алған.

«Әрбір іс біздің ерекше бақылауымызда. Қазір біз осы қайғылы оқиғаларға себеп болған тұлғаларды анықтап, оларды жауапқа тарту мақсатында тиісті жұмыс атқарып жатырмыз», — дейді облыс прокуроры Бауыржан Жұмақановтың сөзін таратқан баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button