
Атырауда 7-сынып оқушысы мұғалімге қол көтерген. Мұғалім қазір ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«№24 орта мектепте 11 қазан күні 7-сыныптағы тарих сабағында БЖБ орындау кезінде, мұғалім оқушыға не себепті жазбай отырғандығын білуге және жұмыс жазуға көмектесу үшін барған кезде, оқушы мұғалімді дөрекі түрде итеріп жіберді. Нәтижесінде мұғалім еденге құлады. Сол сәтте ата-аналар шақырылып, хабардар болды. Оқушының ата-анасы мұғалімнен кешірім сұрады», — деді мектеп директоры Х.Ли.