Атырауская область

Атырау облысындағы ауылда жастар арасында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Атырау облысы Қызылқоға ауданында бір топ жігіт төбелескен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy .

Желіде тараған видеода бір-бірін балағаттап, аямай сабап жатқан жігіттердің дауысы естіледі. Телефонның әлсіз шам жарығынан төбелестің ауыл үйінің бірінің алдын болып жатқаны көруге болады. Жастар қолдарына ұзын таяқ ұстап алып, бір-біріне сілтеп жатыр.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған төбелеске байланысты бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

«Облыстағы барлық ауруханалар тексерілді, жарақат алып, қаралған тұлғалар анықталған жоқ. Қызылқоға аудандық полиция бөлімі мәселені анықтап жатыр», — деп хабарлайды полиция.

Другие новости

Back to top button