Атырауская область

Атырау облысында төрт жүк вагоны рельстен шығып кетті

Атырау облысында төрт жүк вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Мақат аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімдіктің хабарлауынша, 4 қазан күні кешкісін Мақат вокзалында төрт жүк вагоны теміржолдан шығып кеткен.

Рельстен шығу бөлек желіде болған, сондықтан ол басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Бұл дерек бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдар дер кезінде хабардар етілді. Қазір оқиғаның себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтіру жұмыстары басталды.

 

Другие новости

Back to top button