Атырауская область

Атырау облысында судың көптігінен жолды қалпына келтіру мүмкін болмай тұр

Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою штабы Махамбет ауданы тұрғындарының мол су елді мекендерді басып кетпеуі үшін құтқарушылар бұзуға мәжбүр болған жолды жедел қалпына келтіру туралы талабына жауап берді. Ағынның қатты болуына байланысты бұл жұмысты жүзеге асыру мүмкін болмағандықтан, тұрғындардан қолайсыздықтарға шыдауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сондай-ақ ауылдар арасында баламалы жол бар екені айтылды. Билік су деңгейі төмендеген соң бірден жолды қалпына келтіруге кірісеміз дейді. Махамбет ауданының әкімдігі жөндеу жұмыстарына инертті материалдарды дайындап қойған.

“Жол учаскесін қалпына келтіру үшін инертті материалдар дайындалған. Бірақ су мен ағыс көп болғандықтан, бұл жұмыстарды жүргізу мүмкін емес. Су тасқынына қарсы тұру уақытша қолайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ бұл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Сарытоғай ауылынан Махамбет ауылына дейін «Сейтек» шайханасының жанынан айналма жолдың бойымен баламалы жол бар. Ауыл тұрғындарының түсіністікпен қарауын сұраймыз», – деп жазды Атырау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Еске салай кетейік, өңірде Жайық өзені арнасынан тасып жатыр. Су деңгейі үнемі көтеріліп, ең жоғары деңгейден асып кетті. Мысалы, Атырауда 20 см-ге, ал Махамбет ауылында 1,5 метрден асты.

Айта кетейік, бұған дейін cу тасқынына байланысты Атырау-Орал тас жолындағы үш учаскеде көлік қозғалысы шектелгені туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button