Атырауская область
Атырау облысында қарақұрт уынан 6 адам реанимацияға түсті
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қарақұрт шабуылы өңірдің құмды аудандарында байқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл – Индер, Исатай және Құрманғазы аудандары.
Жәндіктердің шағуынан алты адам реанимацияға түсті, олардың екеуі — бала, деп хабарлайды «Мой город».
«Облыстық жедел жәрдем станциясында қарақұрттар шабуылының екі жағдайы тіркелді – Индер ауданы Есбол ауылында және Исатай ауданында. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Тағы тоғыз адам облыстық ауруханада емделуде, олардың төртеуі реанимацияда. Тағы үшеуі инъекция алды», — делінген ақпаратта.
Бұған дейін 397 түйенің зардап шегіп, жәндік уынан 63 жануардың арам қатқанын жазған едік.