Атырауская область
Атырау облысында жүргізуші түйені қағып кетті
Полицейлер жануардың иесін анықтап жатыр. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
24 тамызда сағат 21:30 шамасында Доссор-Атырау тас жолында Lexus жүргізушісі түйемен соқтығысты. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жануар алған жарақатынан сол жерде өлген.
Ал 39 жастағы Lexus жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция түйенің иесін анықтайды. Сонымен қатар полицейлер жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды.