Атырауская область

Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жіберді

Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан соң үстіне бензин құйып, өзін өртеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі atpress.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Оқиға 13 қаңтарда Мақат ауданының Доссор кентінде болған. Ал оның видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Кадрларда куәгерлер ер адамға қар лақтырып, отты сөндіруге тырысқан. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келген.

“1961 жылы туған азамат Б. күйіктің 70 пайызын алып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жәбірленуші ауыр жағдайда. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі”, – делінген хабарламада.

Атырау облысы полиция департаментінің айтуынша, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің себебі отбасылық-тұрмыстық жанжал болған. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 105-бабы («суицидке дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Другие новости

Back to top button