Атырауская область

Атырау облысында әскерден жаңа келген жас жігітті пышақтап өлтіріп кетті

Қылмыстық оқиға Индер ауданы Жарсуат ауылында болған

Атырау облысында жақында ғана әскери борышын өтеп келген жас жігітті пышақтап өлтіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға мамырдың 7-інен 8-іне қараған түні Индер ауданы Жарсуат ауылында болған.

«Аудандағы Индербор кенті мен Жарсуат ауылының жастары табиғат аясына демалуға шыққан. Белгісіз себептермен жастар арасында өзара жанжал туындап, соның салдарынан Жарсуат ауылының 19 жасар тұрғыны – жақында әскерден келген жас жігіт пышақ жарақатынан қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Полиция аталған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Күдікті ретінде Индербор кентінің 19 жасар тұрғыны ұсталды. Сот санкциясымен ол екі айға уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Другие новости

Back to top button