Социум

Атом электр станциясын салуға Қазақстан не себепті асығу керек?

Дүние жүзінде экономика мен экологияны ойлаған, дамыған немесе даму жолындағы біршама мемлекет атомды бейбіт мақсатта игеріп, оны қуат көзі, энергетика жүйесінің өзегі ретінде бағалайды және пайдаланады. Ал біздің ел болса әлі де қысы-жазы көмір жағады және сол әрекеті арқылы әлем экологтарының қырын қарауына себеп болып отыр. Еуроодақ қазіргі уақытта ядролық энергияны «жасыл» энергия санатына жатқызды. Еуропалық сарапшылар бейбіт атом планетаға көп зиян келтірмейді деп санайды. Олар ядролық энергияның экологиялық таза екенін мойындағаны туралы Еуроодақ есебінде анық жазылған. Демек, бейбіт атомға біз «жасыл энергетика» деп қарауымыз керек. Осы ретте, атом электр стансаларын салу қаншалықты қауіпті және ол экологиялық тұрғыда таза энергия көзі бола ала ма? Осы және өзге де сұрақтарды ширек ғасырлық тәжірибесі бар мықты энергетик маман Жақып Хайрушевтен сұрадық.

— Жақып Ғалиұлы, атом энергетикасы дүние жүзінде мықтап дамып жатырАлайда біздің қоғамда оған қатысты теріс пікір толастамай тұр. Атом энергетикасын тиімді іске асыруға Қазақстанның шамасы жете ме?

Сұрағыңызға рахмет! Ия, өзіңіз білетіндей, Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі көптен бері талқыланыпкеледі. Жалпы АЭС дүмпуі басталған, бәлкім өткен ғасырдың70-жылдарынан бері бұл мәселе күн тәртібінен түскен емес. Сол уақытта Маңғышлақтағы жылдам нейтронды БН-350 реакторы бар бірінші энергоблок өз жұмысын бастағанынбілеміз. Демек, бізде реактормен жұмыс істеу тәжірибесі бардеуге болады. Және қазіргі жаңа реакторлардың қауіпсіздік деңгейі өте жоғары. Апат болу ықтималы миллионға бір десеболады. Мұндай нысанның құрылысы оған байланыстықосымша салаларға да жан бітіретінін, ондаған мың жұмысорнын ашатынын ескеруіміз керек. Сондай-ақ, ел атом энергетикасы саласындағы жоғары технологияларға қолжеткізетін болады. Өйткені, Жаратушының өзі сыйлаған уран бар, тәжірибелі мамандар бар, осының бәрі бізде қазіргізаманғы атом электр станциясының пайда болуына жақсымүмкіндіктер ашып отыр. Еліміздің әлемде уран өндірубойынша бірінші орында екенін ұмытпауымыз керек. Қазақстан жылына 20 мың тоннадан астам уран өндіреді. Ол әлемдік өндірістің 40%-ы.  

2019 жылы әлемде 54 мың тонна уран өндірілген. Ал әлемдегі барлық АЭС қажеттілігі сол жылы шамамен 65 мың тонна уран болған. 2020 жылы уран өндіру 47,5 мың тоннаға дейін азайған, дәл сол жылы АЭС-тің уранды тұтынуы 68 мың тоннаға дейін өсті. Орташа есеппен жобалауын қоса есептегенде бір атом энергоблогының құрылысы 5 жылды құрайды. Одан кейін солэнергоблок кем дегенде 60 жыл уранды тұтынып отырады. Олуақытқа дейін біз өз мамандарымызды дайындап, үйретіпалатын мүмкіндігіміз бар.

Біздің елге бір АЭС жете ме? Ал бірнеше АЭС пайда болса, тек көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС-тердің жұмысы тоқтай ма?

— Бізге қанша атом электр станциясы қажет деген сұраққа келсек, мен нақты цифрмен жауап берейін. Қазақстанның оңтүстігінде электр энергиясын тұтыну шамамен 20 млрд кВт/сағатты құрайды, ал тапшылық 8-8,5 млрд кВт/сағат деңгейінде. Яғни шамамен 43%. Ол тапшылық солтүстіктенкелетін энергия көмегімен жабылып отыр. ҚР Энергетика министрлігі жүргізген бағалауға сәйкес, 2030 жылға қарайелдің электр қуатының болжамды балансында Қазақстанныңоңтүстігінде базалық қуат тапшылығы 2,7 ГВт-қа жетуі мүмкін. Бұл тым үлкен дефицит. Ал екінші сұрақ бойынша, Қазақстанда қанша АЭС салынып, пайдалануға берілсе де, жылу электр стансалары жұмысын тоқтатпайды. Себебі, АЭС тек электр қуатын береді, Ал халыққа жылы су керек. Демек тұрғындар тұтынатын жылы су мен жылуды ЖЭС-тер береді.

Қазақстан атом энергетикасы саласындағы серіктестікті қай елдермен жасағаны дұрыс? Біздің қоғам, әсіресе, қазақ тілді отандастарымыз Росатомға теріс көзқараста. Басқаша айтсақ, сенбейді. Алайда Росатом биыл реактор салу бойынша бәрінен озып, бірнеше елде АЭС салып жатыр. Оны да жоққа шығара алмаймыз. Бізге АЭС-ті қай ел салса да келешекте ядролық шантаж болмауы маңызды емес пе?

Технологиялық тұрғыда АЭС салатын елдерде пәлендей айырмашылық жоқ. Түркиядағы «Аққұю» АЭС-ін Росатом салып жатыр. Ал оның құрылысын біздің ел де мұқият бақылап отыр. Осы орайда АЭС құрылысы мен қызметін халықаралық ұйымдар бақылап отыруы керек. Бұл ретте, МАГАТЭ ұйымы. Ал атом шантажын болдырмау үшін негізгі тетіктерді өзіміздің мамандар бақылауда ұстау керек. Атом, ядро деген ұғымдарға отандастарымыз үрке қарайды. Бірақ көпшілік, көзі ашық азаматтар АЭС-тің шын мәнінде керек екенін түсіне бастады.

Менің ойымша, атом электр станцияларының экология тұрғысынан көмірден таза екенін, ал тұрақтылығы тұрғысынанжел, күн энергиясынан артықшылығы бар екенін өте белсендітүсіндіру қажет. Мен даму институттарында жұмыс істеген, инженер-энергетик, жылу және энергиямен қамтамасыз етусаласындағы маман ретінде елімізде атом электрстанцияларының болуы бізге инновациялық даму, болашақтұрғысынан үлкен серпін беретінін практикалық тұрғыданкөріп отырмын.

— АЭС-ті өзіміз бақылап, өзіміз жүргізуіміз керек дейсіз. Ал бізде атом энергетикасы саласын жетік білетін мамандар бар ма?

Әрине, біздің еліміз Маңғышлақтағы АЭС жабылған кездеатомдық әлеуетін аздап жоғалтты. Бірақ уақытты бекержіберген жоқпыз. Елде Ядролық технологиялар паркі табыстыдамуда, МАЭК, Ұлттық ядролық орталық, Атомдық қадағалаукомитеті және Энергетика министрлігі жанындағы Атом энергиясы бойынша тиісті департамент жұмыс істейді. Атом энергиясы бойынша қажетті мамандар дайындалуда. Тек солардың санын ұлғайту керек. Оқу мерзімі 5-7 жыл десек, өзіміздің бір маманды даярлауға кем дегенде 10 жыл кетеді. Сондықтан ұлттық кадрларды даярлау мәселесі күн тәртібіндетұр. Оны ең үздік әлемдік практиканы қолдана отырып шешукерек. Бізге Франция мен Жапония сияқты басқа елдердіңтәжірибесі ауадай қажет. Сонымен қатар, АЭС-ке арналғанэнергоблоктарды салу бойынша тапсырыстар қазірдің өзіндебірнеше жылға жоспарланған. Сондықтан біз уран өндіруденбастап станция құрылысына дейінгі толық циклды құру үшіндәлдігі жоғары машинақұрылыс саласын дамытуғатырысуымыз керек. Бұл мыңдаған жаңа жұмыс орындарын, ғылыми және инженерлік әлеуеттің өсуі мен жоғары қосылғанқұн өндірісін қамтамасыз етеді.

Уақыт бөліп, сұрақтарға жауап бергеніңізге көп рахмет.
Журналист: Бекзатова Алина

Другие новости

Back to top button