Парламент Сенатаның депутаты, бұрынғы ІІМ-нің бірінші орынбасары Марат Қожаев 5 минуттан артық көлік қыздыруға салынатын айыппұл мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол мұндай норманың Қазақстанда бұрыннан бар екенін ерекше қозғап өтті.
«Бұл заңның қолданысқа енгеніне көп уақыт болды. Бұл экологиялық норманы сақтауға бағытталған. Бізде ауа өте қатты ластанған. Әсіресе, үлкен қалаларда. Бұл осыған байланысты енгізілген. Ол заң бойынша жауапқа тарту үшін бұлтатрпас процессуалды дәлел болуы керек. Қазіргі уақытта уақытын көрсете отырып, видеотүсірілім болуы керек. Бұл жағдай анықталатын болса, әкімшілік жауапкершілік бойынша жаза қолданылады. Маған сеніңіздер, мұндай норма дамыған елдерде де қолданылады», — деп жауап берді Марат Қожаев Сенат кулуарында.
Айта кетейік, дәл қазіргі уақытта ауа температурасы желдің ықпалымен 17 градус аяз ретінде сезіледі.