Госорганы

Астананы қыста тағы көк түтін баса ма – вице-министр жауап берді

Қалада 3 жылу орталығы жұмыс істеуі керек

Үкіметтің баспасөз орталығында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов елорданың қысқа дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Брифингте БАҚ өкілі «Қыста Астананы тағы көк түтін басып кетпей ме?» деп сұрады.

«Жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. 4 қазандық көзделген, N3 жылу электр орталығында және соның екеуінің жұмысы осы аптада басталмақ. Сондай-ақ үшінші жылу электр орталығы биыл қыста қосылады. Бұл жылу тапшылығын жояды деп үміттенеміз. Қалада түтін шығаратын тек жылу орталықтары емес, жеке секторлар да бар. Біздің мақсатымыз – үш жылу электр орталықтың қалаға уақытылы жылу беруі», – деп жауап берді Жандос Нұрмағамбетов.

Другие новости

Back to top button