Нур-Султан

Астаналықтарды үш күн онлайн жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылды

Астана әкімдігі 2024 жылдың 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік компаниялардағы қызметкерлердің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Себебі, 3-4 шілде күндері елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді, тиісінше, бұл күндері қауіпсіздік шаралары күшейеді.

«Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады. Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді», — деп хабарлады Астана әкімдігінің телеграм арнасы.

Другие новости

Back to top button