Госорганы

Астанадағы «Нұр-Сұлтан» және «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» вокзалдарының атауы өзгертілмек

Астанадағы «Нұр-Сұлтан» және «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» теміржол вокзалдарының атауы өзгертілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес теміржол вокзалдары мен жолдар қайта аталсын. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес темір жол станциялары атауларының транскрипциясы өзгертілсін”, – делінген қаулы жобасында.

Атауы өзгертілмек станциялар мен жолдар мыналар:

Ақмола облысы бойынша

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының Нұр-Сұлтан теміржол вокзалының атауы – «Ақмола филиалы» РМК Астана вокзалы атауына;

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» теміржол вокзалының атауы – «Ақмола филиалы» РМК Нұрлы жол вокзалы атауына.

Жетісу облысы бойынша

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 13-ші филиалының атауы– «Алматы филиалы» МКҚК-ның Ақши темір жол трасса атауына.

Қызылорда облысы бойынша

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қызылорда бөлімшесінің № 26 теміржол вокзалының атауы – «Батыс» Жетітөбе темір жол станциясы атауына.

Маңғыстау облысы бойынша

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Маңғыстау бөлімшесі – «Батыс» №1 темір жол өткелі Күйкен темір жол өткелі атауына;

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Маңғыстау бөлімшесі – «Батыс» №10 темір жол өткелі Боздақ темір жол өткелі атауына;

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Маңғыстау бөлімшесі – «Батыс» №460 темір жол өткелі Сарға темір жол өткелі атауына;

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының Маңғыстау бөлімшесінің Опорная темір жол вокзалы – «Батыс» Боранқұл темір жол станциясы атауына.

Атырау облысы бойынша

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Маңғыстау бөлімшесінің Толтыр темір жол өткелі – «Батыс» Майкөмген темір жол өткелі атауына

Ақмола облысы бойынша

Джалтыр станциясының атауы — Жалтыр станциясы атауына;

Қосшеку станциясының атауы – Қосшоқы станциясы атауына

Маңғыстау облысы бойынша

Сай-Өтес станциясының атауы – Сайөтес станциясы атауына;

Узень станциясының атауы – Жаңаөзен станциясы атауына;

Батыс Қазақстан облысы бойынша

Уральск станциясының атауы – Орал станциясы атауына

Жамбыл облысы бойынша

Құмшағыл станциясының атауы – Құмшағал станциясы атауына;

Сүрім станциясының атауы – Сұрым станциясы атауына.

Другие новости

Back to top button