Главное

Астанадағы ботаникалық бақта екі ер адам суға түсіп, сынға ұшырады (ВИДЕО)

Астанадағы ботаникалық бақта екі ер адамның су қоймасына түсіп шомылғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға қоғамның наразылығын тудырды. Бұл әрекет қоғамдық тәртіп ережелеріне қайшы келеді, себебі ботаникалық бақтағы су айдындары шомылуға арналмаған.

Қазіргі уақытта су қоймасына түсіп шомылған екі азаматқа қатысты тексеру басталды. Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті ресми түрде түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша көрсетілген тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», – делінген ресми хабарламада.

Другие новости

Back to top button