Нур-Султан
Астанадағы бос ғимараттың жанынан оқушы қыздың мәйіті табылған: қылмыстық іс неге тоқтады
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанадағы 14 жастағы оқушы қыздың өлімі бойынша қылмыстық істің неге тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Бұл факт бойынша ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілді. Мәйіттің денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Қазір іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», — деді Санжар Әділов.
Өткен қыркүйекте елордадағы қаңыраған ғимараттардың бірінің жанынан қыз баланың мәйіті табылған еді.