Главное
Астанадағы автобуста ата мен әже жас қызбен төбелескен

Астанадағы автобуста қариялар мен жас қыз жаға жыртысып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқиға Астанадағы автобустардың бірінде болған. Видео авторының сөзінше, ерлі-зайыпты қариялар автобус жүргізушісінен тоқтауға болмайтын жерден автобусты тоқтатуды сұраған. Бірақ жүргізуші тоқтамаған.
Осы сәтте автобуста отырған жас қыз жүргізушіге болысып, тоқтауға болмайтынын айтқан. Ашуға булыққан қариялар қыз баланың жағасынан тартып, төбелеспек болған.
Абырой болғанда, оларды қалған жолаушылар ажыратқан.
Бұл оқиғаға қатысты полицияға арыз түсті ме, жоқ па, әзірге белгісіз.
Ұлысмедиа тілшісі бұл жайтқа қатысты Астананың полиция департаментінін пікір білдіруін сұрады.