ГлавноеНур-Султан

Астанадағы Алтынсарин мектебінің ұлдары оқушыға аяусыз буллинг жасаған (ВИДЕО)

Астанада Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының оқушылары қатарластарына буллинг жасап, оны видеоға түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ең қиыны, ұлдар өзге оқушыларды үнемі ұрып-соққан екен.

«Мектептің оқушылары басқа балаларға үнемі қорлық көрсететін. Бір топ ұл топтасып алып, балаларды сабайды. Бұл туралы мектептің директоры да, оның орынбасарлары да, мұғалімдер де біледі, бірақ шара қолданбайды деген ақпарат бар», — деп жазды дереккөз.

Оқиғаны Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі растап, қосымша мәлімет берді.

«Осы факт бойынша 9-сынып оқушылары анықталды. Ата-аналарын шақырып, сөйлестік. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша балалардың іс-әрекетіне баға беріледі», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button