ГлавноеГосорганы

Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді

Жұма күні, 28 қазанда Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Үкіметінің Telegram-каналында хабарланғандай, отырысқа келесілер қатысады: Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметі басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов.

27 қазанда Астанаға Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин келді. Оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин қарсы алды.

 

Другие новости

Back to top button