Нур-Султан

АСТАНАДА PRO.NRG FEST ҮЛКЕН ҒЫЛЫМИ ОТБАСЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

9 қыркүйек күні астанамызда PRO.NRG FEST  – балаларға және ересектерге арналған ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті.  

PRO.NRG FEST –бұл танымдық отбасылық уикенд форматында өткізілетін ауқымды ғылыми-көпшілік іс-шара. PRO.NRG FEST екінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең ірі ғылыми-көпшілік фестивалдерінің бірі болып келеді.

Оқушылар сарайында күні бойына лекциялар, интерактивті шоулар мен қойылымдар өткізілді, бұл отбасыларды ғылым мен технологиялар, қызықты ашылымдар мен жаңа білім әлеміне апарды.

 

PRO.NRG FEST Қазақстанда STEAM-білім беруді дамытып жүрген «Caravan of Knowledge» білім беру қорының бастамасымен өткізіледі. Фестивалдің серіктесі ретінде екінші рет «Шеврон» компаниясы шығып отыр. Бұл компания ғылымға, жаңа технологияларға және тиімді білім беру шешімдеріне деген қызығушылықты ұлғайтатын бағдарламаларға жүйелі түрде қолдау көрсетеді.

PRO.NRG FEST-те  іс-әрекеттегі ғалымдар мен зерттеушілерді кездестіріп, оларға сауалдар қойып және тіпті эксперименттерге де қатысу мүмкіндігі болды. Фестиваль балалар мен ересектерге ғылымды жаңа қызықты жағынан қабылдауға көмектесетін ұмытылмас тәжірибе сыйлады.

«Отбасылық фестиваль екінші жыл өткізіліп жатыр және екінші жыл барлық жас ерекшелігіндегі адамдар біздің миссиямызға қосылып жатыр. Біз білімге деген ынтаны қолдауға тырысамыз және зор кері байланыс алып отырамыз. Осы жолы біз еліміздің барлық аумақтарынан іздеген көбірек қазақстандық бірегей спикерлерді шақырдық – еліміздің әртүрлі жерлерінен келген 50-ден астам ұстаздар өздерінің инновациялық тәсілдерімен бөліседі. Сонымен қатар, біз басқа қалалардан, елдерден келген көптеген қонақтарды да көріп отырмыз, білім мен ғылымға деген ұмтылыс адамдарды соншалықты шабыттандыратыны қуантады», – деп,  «Caravan of Knowledge» білім беру қорының басшысы Зарина Биюмбаева атап өтті.

PRO.NRG FEST –  бұл сондай-ақ STEAM ұстаздарына арналған білім беру және нетворкингтік платформа. S – science (ғылым), T – technology (технология), E – engineering (инженерия), A – art (шығармашылық) и M – mathematics (математика). Бүгінде STEAM-білім беру пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдануға, сонымен қатар, барлық бес пәнді біріңғай білім сұлбасына интеграциялауға негізделген.

“1993 жылы «Шеврон» Қазақстанға келген бірінші халықаралық энергетикалық компаниялардың бірі  болды. 30 жылдан астам уақыт біз мемлекеттің мұнай-газ секторының дамуын инвестициялап келеміз. Сол уақыттан бері біз сондай-ақ басты ресурсымыз – адамдардың, әсіресе, жастардың энергиясын дамытудамыз. Олардың тапқырлығына, шығармашылығына және шексіз мүмкіндіктеріне біз сенеміз. Біздің әлеуметтік жобаларымыз адам капиталын дамытуға, дәулеттілікке және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. PRO.NRG FEST-ті қолдай отырып, біз  STEAM білім беру аясында экожүйе қалай қалыптасатынын көрсеткіміз келеді”, – деп, ашылымда «Шеврон» компаниясы Еуразиялық бөлімшесінің бас директорының орынбасары  Дилан Морган мәлімдеді.  

Фестиваль қатысушыларды сабақта өнер мен зерттеулерге арналған кеңістікті жасап отырған ұстаз-новаторлармен таныстырды. Олар оқу қызықты және тиімді болу үшін ең алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын қолданады.

“Біз сондай-ақ PRO.NRG.FEST ғылыми отбасылық фестивалін біздің STEAM-бағдарламаларымызды іске асыру нәтижелерін көрсету және аудиторияны мұғалім-новаторлардың сәтті кейстерімен таныстыру үшін де өткіземіз. Фестиваль ғылым мен мектеп пәндері қызықты әрі көңілді  бола алатынын көрнекі көрсетеді. Біз осындай фестивалдер өткізуді басқа қалалар мен компаниялар қостап әкететін трендке айналдырғымыз келеді”, – деп «Шеврон» компаниясындағы Еуразиялық бөлімшесінің әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмуханова атап өтті.

Биылғы жылы PRO.NRG FEST-тің  бөлігі Science on Stage Europe ұлттық кезеңінің финалы

болды. Бұл нетворкингке арналған халықаралық алаң және әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдер ғылыми пәндерін оқытудағы өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісуге арналған сайыс. Фестивальде 2024 жылы Финляндияның Турку қаласында өтетін Science on Stage Europe жаһандық финалында біздің оқытушылар қауымдастығы атынан қатысатын жеңімпаздар анықталды.

Фестиваль туралы толық ақпарат PRONRG.KZ сайтында және Instagram.  парақшасында

Анықтама үшін:

“Шеврон” — әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі болып табылады. Біз сенімді, қолжетімді және таза энергия өркендеу және тұрақты болашақ үшін маңызды деп санаймыз.

«Шеврон» мұнай және табиғи газ өндірумен, жанар-жағармай өндірісімен, мұнай-химиялық өнімдер мен қоспаларды өндірумен айналысады және біздің бизнес пен саламызды дамыту үшін  технологияларды әзірлейді. Біздің мақсатымыз — біздің қызметіміздің көміртегі сыйымдылығын азайту және дәстүрлі бағыттармен қатар, бизнестің төменгі көміртекті бағыттарын дамыту болып табылады. «Шеврон» компаниясы туралы толық ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

«Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры Қазақстанда STEAM-білім беруді өрлету, мұғалімдерді кәсіби дамыту, оқушылардың білім шекараларын кеңейте отырып, икемді әрі кәсіби дағдыларға үйретумен айналысады.

PRO.NRG FEST ҒЫЛЫМИ ОТБАСЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІКТЕР ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

FIRST® Global

Фестивалде Central Asia FIRST GLOBAL Challenge – Қазақстаннан, Өзбекстаннан және Моңғолиядан келген робототехника бойынша командалардың арасында аумақтық кезеңнің финалы өтті. Жеңімпаздар 7-10  қазанда Сингапурде өтетін  әлемдік біріншілікте өз елдері атынан шығады. FIRST® Global Challenge жыл сайын әлемнің 160-тан астам  елінен командалар жинайды. Бұл олимпиадалық форматтағы робототехника бойынша халықаралық жарыс. FIRST® балаларды ғылым, инженерия, технологиялар және әлеуметтік дағдылар аясында дағдыларды дамытатын әсерлі бағдарламаларға тарта отырып, оларды ғылым мен технологияда көшбасшы және новатор болуға шабыттандырады.

2022 жылдың өткен маусымы Қазақстан үшін салтанатты болды. Құрама  3 алтын медалға ие болып және рейтингте бірінші болып шықты.

SCIENCE ON STAGE

Биылғы жылы PRO.NRG FEST бөлігі Science on Stage Europe ұлттық кезеңінің финалы

болды. Бұл нетворкингке арналған халықаралық алаң және әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдер ғылыми пәндерін оқытудағы өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісуге арналған конкурс. Фестивальде 2024 жылы Финляндияның Турку қаласында өтетін Science on Stage Europe жаһандық финалында біздің оқытушылар қауымдастығы атынан қатысатын жеңімпаздар анықталды.

АРТ-РЕЗИДЕНЦИЯ

PRO.NRG FEST фестивалінде келушілер өнер мен ғылымның тоғысқан жерінде интерактивті көрсетілімдер мен шеберлік сабақтарын тамашалады. Art&Science секциясында қазақстандық суретшілер мен креаторлар био-арт көмегімен ғылымды қалай бейнелеп, жандандыратынын көрдік. Бұл бағыт күрделі әзірлемелердің, идеялар мен концепциялардың эстетикасы мен сұлулығын көруге, сонымен қатар, дәл мағынада, ғылымға қол жеткізуге көмектеседі.

Фестивалдің ART-резиденциясының ұйымдастырушысы –  YEMAA замануи өнер орталығы. Бұл Атырау қаласында 2021 жылы негізделген мультипәндік ашық кеңістік. Орталық жұмысының негізгі фокусы – бұл замануи мәдениет – әдебиет, поэзия, бейнелеу өнері, әуен, ғылым және кино, сонымен қатар суретшілердің карьералық мүмкіндіктерін қолдау.

Балаларға арналған белсенділіктер

Артур Гайдук – астрономия мектебінің құрушы және космос дәріптеушісі, Жер сияқты планетаны таба аламыз ба, жоқ па, сол жайлы айтты.

Шах-Мурат Ордабаев – актер және дубляж режиссеры, Disney және Marvel кейіпкерлері кинода біз сенерліктей қазақша сөйлегендерін көрсетті.

Пол Лэндман – Испаниядан келген математик, интерактивті ғылыми шоу өткізіп, балаларға математиканың қарапайым заттардың көмегімен қалай түсінуге болатынын түсіндірді.

Жасөспірімдер үшін біз лекциялар мен шеберлік кластарын жинадық, олар мұнда болашақ мамандықтар туралы көбірек біліп қайтты. Сондай-ақ олар IT-ден бастап  киноиндустрияға дейін әртүрлі саланың кәсіби мамандарымен кездесті.

Улан Усенов – жұлдызды химия мұғалімі және танымал ТикТокер, сабақтарда жасалатын кәдімгі эксперименттерге ұқсас емес әсерлі химиялық шоу көрсетті.

Санжар Мырзагалым – Microsoft Kazakhstan IT-сәулетшісі нейрожүйелермен достасуға және бүгінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдануға көмектесті.

Рустем Ермеков – Орталық Азиядағы үздік IT-ұстазы, инженер, Forbes 30 under 30 көшбасшылар рейтінгінің қатысушысы, «Неге қателіктер – оқып-үйренудің қалыпты бөлігі? Сәтсіздіктен кейін ракета сияқты қалай бастауға болады» атты шабыттандырушы лекция өткізді.

Ата-аналар үшін сараптама лекциялары дайындалды және мамандардан ең өзекті мәселелерге жауап алу мүмкіндігі берілді. Өз балаңыздың даму траекториясын қалай құруға болады? Қазір қандай білім беру трендтері бар? Баланың қызығушылықтарын есепке ала отырып,  оның фокусын қайда бағыттаймыз?

Габит Бекахметов – қазақстандық білім беру сарапшысы және ҒЗМ, РФММ, БИЛ тәжірибесін зерттеушісі білім берудегі жаңа парадигмалар туралы айтты.

Пакизат Сайлаубекова – эколог және экоконсультант балалар мен ата-аналарға күнделікті өмірде жасыл әдеттерді қалай жеңіл әрі қызықты енгізуге болатынын айтты.

Нурлан Киясов – EdCrunch On Demand конференциясының бағдарламалық директоры мектеп білімінің қандай трендтері жуырдағы онжылдықта жарып шығатынын ашты.

Ұстаздар үшін біз жаңа карьералық шыңдарды ашуға көмектесетін педагогикалық шеберлік жөніндегі мамандарды шақырдық.

Аяш Mырзабекова – мұғалім-методолог әріптестеріне қалай педагогикалық дизайнер болуға болатынын айтты.

Нурлан Имангалиев – Ustaz Кәсіби оқыту орталығының академиялық директоры мұғалімнің кәсіби дамуы туралы лекция өткізді: неге ұстаз өмір бойы оқуы керек.

Д-р Раймо Сало – Оулу Университетінің (Финляндия) мұғалімдерді даярлау мектебінің сарапшысы педагогикалық білім беру қалай жаһандық қайта қалыптасатынын айтты.

Сонымен қатар, Қазақстанға өздерінің ғылыми шоуларын алып келген басқа елдердің STEAM-мұғалімдері фестивалге келді.

Майкл Грегори – Science on Stage и Scientix Франциядағы елшісі және оның “Қалай ғалам бөлшектерінің детектив-аңшысы болуға болады?” ғылыми шоуы.

Гордон Кеннеди – химик, CLIL пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту жөніндегі сарапшы және оның “Неге химия – барлық нәрсе туралы ғылым, және химиялық ой-сана қалай дамиды?” атты ғылыми шоуы.

Пол Лэндман – Барселонадағы eXplorium STEM орталығының математигі мен негізін қалаушысы және оның “Қарапайым сабын көпіршіктері – бұл жерде математиканың не қатысы бар?” атты ғылыми шоуы.

 

Другие новости

Back to top button