Нур-Султан

Астанада өрт сөндірушілер құрылысы бітпеген үйдегі өртпен алысып жатыр

Астанада өрт сөндірушілер салынып жатқан тұрғын үйді шарпыған жалынды оқшаулады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«11 мамыр күні сағат 15.01 шамасында Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелеріне Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысында жаңа ғимараттан қара түтін көрінгені туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында битум және сыртқы қаптаманың жанып жатқанын анықтады», — делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, өрт сағат 15.17-де оқшауланды.

Зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, біраз уақыт бұрын елорданың сол жағалауында салынып жатқан тұрғын үй кешені отқа оранғанынхабарлаған едік.

Другие новости

Back to top button