Нур-Султан

Астанада оқушының зорлануы: ІІМ кәмелетке толмаған төрт күдіктінің ұсталғанын растады

Астанада қызды зорлады деген күдікке ілінгендерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қайғылы жағдайдың болғанын растады.

“Өкінштісі, бұл дерек тіркелді. Күдіктілер бірден ұсталды. Төрт күдікті де кәмелет жасқа толмаған. Қазір қылмыстық іс қозғалды”, – деді Ержан Сәденов.

Еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева болған жағдайға қатысты қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

“Бұл дерек 17 қаңтар күні 121-баптың 4-бөлігі бойынша тіркелді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мен қыздың анасымен байланыстамын. Қазір қызбен психолог жұмыс істеп жатыр”, – деп жазды Динара Закиева өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, елордадағы мектептердің бірінде 11-сынып оқушылары 8-сынып оқушысын жабылып зорлғаны туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button