Нур-Султан
Астанада өгей балаларын қорлаған әке 5 күнге қамалды
Астанада өгей балаларымен жанжалдасқан әке 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот өгей балаларына күн көрсетпеген әкеге отбасы қатынастарындағы ең қатал жазаны тағайындаған, ол 5 күнге қамалды.
«Сот М-ның пәтерде бола отырып, отбасы мүшелерін қорлап, оларға құрметсіздік танытып, бірге тұратын өгей балаларымен жанжалдасып, сол арқылы отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылық жасағанын анықтады», — делінген хабарламада.
Оның іс-әрекеті бейнежазбаға жазылған.