Нур-Султан

Астанада НЗМ оқитын оқушы қызды пышақтап кетті: бойжеткеннің қазіргі жағдайы белгілі болды

Дәрігерлердің айтуынша, бойжеткеннің жағдайы қазір ауыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қыздың жағдайы туралы айтты.

26 мамырда жедел жәрдем қызметі №2 қалалық көпсалалы ауруханаға іштің көптеген жарақатымен 2006 жылы туған қызды жеткізді, — дейді дәрігерлер.

Жәбірленушінің іш аймағына ота жасалған. Оның жағдайы қазір ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Астанада НЗМ оқушысын өлтірмек болғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Полицейлер бұл іске күдікті ретінде кәмелетке толмаған баланың ұсталғанын хабарлады.

Другие новости

Back to top button