Нур-Султан

Астанада жеті жыл бойы 130 млн теңгені қолды қылған бухгалтерлерге үкім шықты

Елордада мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтаған.

– 7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады. Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, – делінген хабарламада.

Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілген. Үкім заңды күшіне енді.

Другие новости

Back to top button