Нур-Султан

Астанада желден аялдама әйнегі сынып, егде жастағы екі адам жарақаттанды

Аталған факті бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Астанада дүлей желден аялдама әйнегі шағылып, егде жастағы екі адам жарақаттанды. Олар бірден қалалық көпбейінді №1 ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода ерлі-зайыптылардың қатты желден аялдаманы паналап тұрғанын байқауға болады. Алайда жел екпініне шыны шыдас бермеген. Ауруханаға түскен қос науқастың біреуі үйіне жіберілді. Ал әйнек астында қалған қарияның жамбас сүйегі сынған. Оған ота жасалатын болды.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы, Қауіпсіздік талабына сай келмейтін тауар шығару немесе сатуды орындау немесе көрсету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді Астана ПД департаментінің баспасөз хатшысы Гүлмира Шырахметова.

Другие новости

Back to top button