Нур-Султан
Астанада екі жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Астанада екі жасар бала көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы терезеден құлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 6 шілдеде болды. Бүлдіршіннің анасы үйде болған, бірақ кенже баласына алаңдап, үлкені қараусыз қалған.
4 шілдеде Қостанайда осындай жағдай орын алды. Бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен үш жасар қыз құлап түсті. Бұл кезде нәресте аман қалды, бірақ жарақат алып, ауруханаға түсті.
Құтқарушылар ата-аналарды мұқият болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Мамандар көп қабатты үйлердің терезелеріне қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектесетін арнайы қорғаныс орнатуды ұсынады.