Нур-Султан

Астанада балабақша қызметкерлері демалыс кезінде орындарды сақтау үшін ата-аналардан ақша алған

Астана прокуратурасы мектепке дейінгі мекемелерге тексеріс жүргізіп, балабақша қызметкерлерінің ата-аналардан негізсіз ақша талап еткенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жасап хабарлайды.

Прокуратура мәліметіне сәйкес демалыс кезеңінде жекеменшік балабақшалардың қызметкерлері орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алған. Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.

Сондай-ақ балабақшада жалақысы заңсыз есептелген жалған қызметкерлер жұмысқа орналастырылғаны белгілі болды. Анықталған жымқыру фактілері  бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Жекеменшік балабақшаларда мерзімі өткен дәрілік заттар сақталған. Сонымен қатар құрамында сынап бар шамдарды сақтау және жою кезіндегі бұзушылықтар анықталды. Қадағалау актілері бойынша бұзушылықтарды дереу жою үшін шаралар қабылданды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды”, – деп мәлімдеді Астана қалалық прокуратурасы.

Бұған дейін қазақстандық балабақшаларда тәрбиеленушілерді бағалау жүйесі енгізілетіні туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button