Нур-Султан

Астанада әйелімен ұрсысқан еркек 12-қабаттан секіремін деп қорқытқан (ВИДЕО)

Астанада әйелімен ұрсысып қалған ер адам 12-қабаттағы пәтерінің терезесіне шығып алып, секіріп өлгісі келген. Оқиға орнына жеткен инспектор Жандос Әлқожа мен Ғаламат Қиынбаев терезеге шығып, ер адамды құтқарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, кешқұрым ер адамның суицидке оқталып жатқаны туралы шақыру түскен.

«Оқиға орнына жете сала инспекторлар ер адаммен келіссөз жүргізе бастады. Ақыры, келіссөз шарықтау шегіне жеткен кезде инспекторлар ерлік танытып, терезеге шығып алған ер адамды ішке тартып алды», — деп хабарлайды полиция департаменті.

Баспасөз қызметі ер адам үй-ішімен жанжалдасқан соң осындай қауіпті қадамға барғанын хабарлап отыр.

Другие новости

Back to top button