Нур-Султан

Астана полицейлері сауда орталығында киімді шешіп, манекенді сүйе бастаған жігітті іздеп жатыр

Елордалық сауда орталықтарының бірінде ер адам киім кигізілген манекенді шешіп сүйіп тұрған видеосы тарады. Бұл ата-аналардың біразының талқысына түсіп, көпшілікті алаңдатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Желі қолданушысы видеоны «Не молчи» қорына жіберген.

«Видеоны жіберген оқырманым алаңдап отыр. Себебі ер адам онымен қоймай балаларға қарап, жыныс аймағын ұстаған», — деп жазады басылым.

Астана қаласының  полиция департаменті оқиғаға байланысты пікір білдірді.

«Осы басылымның негізінде Алматы аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері аталған азаматты анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде оның әрекетіне құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады полициядағылар.

Другие новости

Back to top button