Главное

Астана – болашақ зертханасы: PRO.NRG Fest 2025 мұғалімдерді, тарихшыларды, эко-көшбасшыларды және стартаптарды «Білім ағашы» форматында біріктіреді

2025 жылғы 20 қыркүйекте Астанадағы алаңында жыл сайынғы ғылыми-танымдық PRO.NRG Fest 2025: “Rooted in the Future” фестивалі өтеді. Төртінші рет ұйымдастырылып отырған бұл шара білім беру қауымдастығының өкілдерін, отбасыларды, зерттеушілер мен ғылымға қызығушыларды қоса алғанда 6 000-нан астам қатысушыны біріктіреді. Фестивальдің ұйымдастырушысы – «Chevron» компаниясының қолдауымен «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры.

Фестивальдің басты тақырыбы – “Rooted in the Future” («Тамырымен болашаққа»). Концепцияның негізінде өсу, сабақтастық және дамудың символы ретінде «Білім ағашы» метафорасы жатыр: өткеннің тамыры – дәстүр мен мұраны, қазіргі сәттің діңі – заманауи білім беруді, ал болашақтың бұтақтары – жаңа технологияларды бейнелейді. Барлығы бірігіп, жаңа ұрпақты – шығармашыл, сыни ойлай алатын және әлем алдындағы жауапкершілігін сезінетін жастарды – қоректендіреді.

PRO.NRG Fest – бұл білім беру дәрістері, шеберлік сабақтары, көрмелер мен балалар мен ересектерге арналған ойындық белсенділіктерді біріктіретін мультиформатты шара. Фестиваль сарапшылар мен кең аудитория арасында ашық диалог алаңына айналады. Биыл сахнада 30-дан астам пікір көшбасшылары мен сала мамандары сөз сөйлейді. Олардың қатарында: тарихшы-медиавист және популяциялық генетика маманы Жақсылық Сабитов, медиа-ұстаз және @proactive.teacher блогының авторы Аяш Мырзабекова, педагог-тренер және ustart.academy жобасының менторы Ескендір Бестай, эко-инфлюенсер әрі эко-тренер Аида Әлімбекова бар.

Қонақтарды жетекші мамандар өткізетін AI-практикумдар, ғылыми квесттер, интерактивті digital-аймақтар, шеберлік сабақтары, технологиялық компаниялар мен серіктестер көрмесі күтеді. Әр келуші арнайы геймификацияға қатысып, миссиялар мен челлендждерді орындау арқылы ұпай жинап, естелік сыйлықтар ұтып ала алады.

Art&Science секциясы фестивальдың ең жарқын алаңдарының бірі болмақ. Мұнда қазақстандық суретшілер мен креаторлар ғылыми идеялардың визуалды оқиғалар мен шығармашыл кейіптерге айнала алатынын көрсетеді. Бұл әдеттегі ғылыми терминдер инсталляциялар мен арт-объектілер пішіне ие болып, көрермендерге жаңалықтар мен технологияларды басқаша қабылдауға мүмкіндік беретін кеңістік. Art&Science тек бақылап қана қоймай, сонымен қатар ғылымды өнер әсері арқылы ұғынуға шақырады.

Фестиваль аясында педагогтарға арналған ірі еуропалық Science on Stage STEM фестивалінің ұлттық кезеңі өтеді. Оған 30 финалдық жоба қатысып, үздік жеті жоба 2026 жылы Литвада өтетін еуропалық кезеңде Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

PRO.NRG Fest 2025 – бұл ғылымды тек тамашалау емес, оның бір бөлігі болу мүмкіндігі: геймификацияланған миссиялардан өтіп, үздік сарапшылармен пікір алмасып, ертең-ақ қолдана алатын идеяларды ашасыз. Бұл – шабыт алу, пайдалы байланыстар орнату және бірге болашақ құру сезімін бастан кешіру мүмкіндігі.

Барлық қалаушылар үшін кіру тегін, алдын ала тіркелу сілтемесі: https://pronrg.kz/reg2025

Іс-шараның ресми инстаграм парақшасы: https://www.instagram.com/pro.nrg.fest

Ссылка на сайт события: https://pronrg.kz 

Іс-шараның афишасына сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/QY-6djsbNSLLUw

 

Анықтама үшін:
«Chevron»
– әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз сенімді, қолжетімді және таза энергияның прогресс үшін қажет екеніне сенеміз. «Chevron» мұнай мен табиғи газ өндірумен, мұнай өнімдері, мұнайхимия өнімдері мен қоспалар шығарумен айналысады және бизнес пен саланы дамытуға арналған технологияларды әзірлейді. Біз мұнай-газ бизнесін дамытумен қатар, қызметіміздің көміртек қарқындылығын төмендетуге және төмен көміртекті бағыттарды, соның ішінде жаңартылатын отын өндірісін, көміртекті ұстау технологияларын, офсеттерді, сондай-ақ сутегі мен басқа да инновациялық технологияларды дамытуға ұмтыламыз. «Chevron» туралы толығырақ ақпаратты www.chevron.com сайтынан таба аласыз.

«Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры – Қазақстанда STEAM-білімді танымал ететін, мұғалімдердің біліктілігін арттыратын және оқушыларды оқытатын білім беру ұйымы.

 

Другие новости

Back to top button