Нур-Султан

Астана әуежайында төрт рейстің ұшуы кейінге қалдырылды

Астана халықаралық әуежайында 2025 жылдың 3 қаңтарына жоспарланған төрт рейс кейінге қалдырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Онлайн-табло деректеріне сүйенсек, мына рейстер кешіктірілді:

  • KC 642 Астана – Алматы;
  • FS 7365 Астана – Орал;
  • IQ 425 Астана – Қызылорда;
  • DV 741 Астана – Ақтау.

Ұшып келетін 11 рейс те кешіктірілді, атап айтқанда:

  • KC 641 Алматы – Астана;
  • KC 314 Ақтау – Астана;
  • IQ 438 Петропавл – Астана;
  • DV 713 Алматы – Астана;
  • DV 713 Алматы – Астана;
  • DV 5251 Доха – Астана;
  • DV 742 Ақтау – Астана;
  • DV 773 Ақтау – Астана;
  • DV 5243 Шымкент – Астана;
  • IQ 354 Алматы – Астана;
  • IQ 426 Қызылорда – Астана.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы тіркелген жоқ», – делінген хабарламада.


Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатынан соң бес ел Ресейге баратын рейстерді тоқтатқаны туралы жазған едік.

Другие новости

Back to top button