Нур-Султан

Астана әуежайынан ұшатын түнгі рейстердің бәрі тоқтайды

2024 жылдың 1 мамырынан бастап Астана халықаралық әуежайынан түнгі сағат 22:00-ден бастап таңғы сағат 06:00-ге дейінгі аралықта ұшақ ұшпайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бұл аралықта әуежайдың ұшу-қону жолақтарында күрделі жөндеу өтеді.

«1 мамырдан бастап Астана қаласының әуежайы мен бас мердігер ұшу-қону жолағында күрделі жөндеу бастайды. Осыған байланысты Астана халықаралық әуежайындағы авиарейстер кешкі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ұшпайды», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Дереккөзіне сүйенсек, әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілгенін екен.

«Рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты осы уақытта жолаушылар ағыны 2 есеге ұлғаяды. Осыған байланысты әуежай әкімшілігі жолаушылардан әуежайға 3-4 сағатқа ерте келуін сұрайды», — деп хабарлады комитет.

Другие новости

Back to top button